Уроки ментальной арифметики для детей в Алматы

Школа ментальной арифметика в Алматы

Менталдық арифметика

  • Балалар неліктен «Менар» менталды арифметика жүйесін үйренуі керек?
  • «Менар» менталды арифметика мектебінің оқу үлгеріміне тигізер әсері.
  • Менар – ойша есеп және ми дамуы.
  • Менталдық арифметика оқытылуында ерекше кажеттіліктері бар балалар.
  • Жаднама

Менталдық арифметика – бала дамуының ең қызықты әдістерінің бірі. Ал енді бұл не екенін қарастырайық. Бұл әдістің бала дамуына қажет пе, жоқ па, бұл туралы әр түрлі ой пікірлер бар және де сәйкесінше әр ата-ана өз пікірін шығарады. Ал біз қазір нақтырақ айтып беруге тырысамыз.

Ал дайынсыңдар ма? Ендеше бастайық!


Менталдық арифметика – бұл 4 жастан 12 жасқа дейінгі баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы әдістеме. Ақыл-ой дамуы мен интеллект – бұл адамның ақыл-ой қызметінің мүмкіндігін көрсететін, екі түрлі нәрсе. Ақыл-ой дамуы білім, білік және ойлау іс-қимыл жиынтығымен сипатталады. Бұл классикалық жалпы психология түсінігінде ақыл-ой дамуы туралы қалыптасқан.
Ақыл-ой дамуы – психологияда ғана емес педагогика үшін де маңызды түсінік. Педагогтар мен ғалымдар ойлау әрекетінің деңгейі мұғалімнің қатысушыларға беретін білім мен біліктің мазмұнымен анықталатындығын көрсетті. Көлем ғана емес, сонымен қатар білім сапасы да маңызды, яғни оның тереңдігі, әмбебаптылығы. Алынған білім деңгейі ақыл-ой әрекетінің сапасымен анықталады. Ақыл-ой мәселесі интеллект мәселесімен тығыз байланысты. Интеллект – жалпы ақыл-ой қабілеті. Ол білім көлемі ретінде есептелмейді, бірақ табысты игерілуіне ықпалын тигізеді.

Соның салдарынан интеллект ақыл-ой дамуына ықпалын тигізсе, керісінше ақыл-ой дамуы интеллектке ықпалын тигізе алады. Егер бұдан алдын көбісі интеллектті туылғаннан берілетін тұрақтылық деп есептесе, қазіргі таңда көп педагогтар мен психологтар интеллект деңгейінің арнайы дамытуға арналған оқытулар көмегімен жоғарлатуға болатынын көрсетіп отыр. Осыдан орай менталдық арифметика балаға өзінің жан-жақты қабілетін сонымен жеке тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді.


Баланың мектепке деген интеллектуалдық дайындығы ойлау процесінің дамуымен тығыз байланысты


Менталдық арифметика мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиесінің ең жақсы құралы болып табылады.
  • Математикаға деген қызығушылық
  • Логикаға және де пікірге дәлел
  • Туындаған мәселеге назарын аударып ойға күш салуға ықылас білдіру

Менталдық арифметика әдісін үйрету бағдарламасында, оқу материалын бекіту, айқындау және де жаңа білімді қалыптастыру мақсатында, сабақ барысында ойындар қосылып отырады.

Оқушылар есте сақтау қабілет, зейін, қиял сонымен қатар көз көру қабілетінің нығаюына байланысты әр түрлі жаттығулар жасайды.
Мидың екі жақ бөлігінің арақатынасын жақсартып, белсендендіретін түрлі жаттығулар мен есептеулер қолданылады. Менталдық арифметика сабағында кеңінен қолданылатын логикалық есептеулер мен интеллектуалдық жаттығулардың арқасында интеллектуалдық мүмкіндіктерді дамытса, баланың оқыту процесі эффективті болады.

Осыған байланысты менталдық арифметика баланың мүмкіндіктерінің дамуына ықпал тигізетінін қорытындылауға болады:

Балалар неліктен «Менар» менталдық арифметика жүйесін уйренуі керек ?


  • Менар кітаптар мен басқа да баспа басылымдарына қоса , бейне курстар, компьютерлік бағдарламалар, интернет-сайттар секілді оқытушы материалдардың сан-алуан түрлерін ұсынады. 240 сағаттық бұл бағдарлама 10 бөлімнен тұрады, оның әрқайсысының ұзақтығы – 24 сағат.
  • Ешбір адам өз миының бүкіл мүмкіндіктерін толық көлемде қолданбайтынын және де қазір қолданылып жүрген деңгейімен салыстырғанда адам миының орасан зор әлеуетке ие екенін ғылыми қауымдастық дәлелдеп отыр.
  • Егер осы қабілетті ерте балалық кезеңнен дамытпаса, ақыл-ой белсенділігінің деңгейі төмендейді. Дәл осындай жағдайға көпшілік адам тап болады. Табысқа жетудің формуласы қарапайым ғана: не сен бұл мүмкіндікті пайдаланасың, не оны жоғалтасың.
  • «Менар» менталдық арифметика бағдарламасы – осы қабілеттерді ерте жастан дамытудың ең жақсы жолы. Бірінші кезеңде есептеулерді жүргізу үшін абакус пайдаланылады, бұл сипап сезу және көзбен қабылдау арасындағы координацияны дамыту арқылы баланың миындағы синапстық байланыстардың түзілуіне әкеледі. Нәтижесінде мұның барлығы ақыл-ой және ми іс-әрекетін арттырып, нейрондық байланыстарды дамытып олардың арасындағы өзара әрекетті белсендендіреді.
  • Алайда бұл жоғарғы көрсеткіштер бірден пайда болмайды. Олар жылдар бойы күнде тұрақты жаттығудың және қатаң тәртіпті сақтаудың арқасында қол жеткізеді. Спортшылар осылай бұлшық етін, күші мен төзімділігін дамытады. Менар балалардың интеллект қабілеттерін күшейтіп, таңғаларлық арифметикалық дағдыларды дамытуына көмектеседі. Мұның барлығына үш қағиданы ұстанудың арқасында жетуге болады, олар: МАШЫҚТАНУ, ТАБАНДЫЛЫҚ, ШЫДАМДЫЛЫҚ.

Менталдық арифметика мектебі Менардың оқу үлгеріміне тигізер әсері


Абакус көмегімен есептеу амалдарын орындауға үйрететін Менар бағдарламасы балаларды сандармен етене таныстырып, ары қарай математиканы үйрену үшін берік іргетасты қалап береді. Сандар абстрактілік сипатта болғандықтан, балалар сандардың арақатынасын үйренуде қиындық сезеді. Абакус сандарды абакустың моншақтары секілді нақты заттармен байланыстырғандықтан, балаларға сандар мен сандар арасындағы арақатынасты түсіну жеңіл болады. Алайда Менар балалардың арифметикалық қабілеттерін ғана дамытып қоймайды. Абакуспен жұмыс жасап үйрену мидың осыған дейін қолданылмай келген бөліктерінің қызметін белсендендіріп, жалпы мидың дамуына барынша оң ықпал етеді.ойша есептеуге машықтану қиял мен визуалдық-кеңістік есті жақсартады. Өз миының қабілеттерін дамытқан адамдардың 70 жастан кейін де өзінің жетілген миының тиімділігін сақтап, оны жан-жақты пайдаланатынын ғылыми зерттеулер дәлелдеп отыр. Есептеулерді ойша жылдам есептеумен қоса, балалардың еске сақтау, зейінін және ойын шоғырландыра алу қабілеттері мықты болады. Бұл математикада ғана емес, сонымен бірге, сөйлеу дағдыларын қажет ететін әлеуметтік ғылымдарды үйрену кезінде жоғарғы оқу үлгерімін қамтамасыз етеді.


Менар – ойша есептеу және миды дамыту

Адам миы – уақыт өте келе өзгеріп, жетіле түсетін үйренуге арналған теңдессіз машина. Өнер, ғылым, философия және технология көмегімен адам ұрпағының қол жеткізген бүгінгі өркениет деңгейі толықтай осы мүшені қолданудың нәтижесінде туындаған ұжымдық әрі тарихи өнім болып табылады. Сонымен қатар адам миы қолданылып жүрген деңгейінен де жоғары деңгейде жұмыс жасауға қабілетті деп есептейді ғалымдар. Адам миы сәбилік кезеңде керемет дамып, белгілі бір уақытқа дейін өз дамуын жалғастырады, қоршаған ортадағы стимулдардың қаншалықты бай болуына қарай және отбасы мен мектептегі білімнің ықпалымен өз әулетінің белгілі бір бөлігін арттыра түседі. Осылайша ми интеллектуалдық қабілеттердің белгілі бір деңгейіне дейін жетеді. Шын мәнінде, он екі жасқа дейінгі дамымаған әлеует біртіндеп жоғала бастайды, өйткені ми толық көлемде пайдаланыла бермейді. Нәтижесінде адам өзінің ақыл-ой қабілеттері қаншалықты терең болғанына қарай білімдерді жинайды. Жазу да, оқу да білмейтін кішкентай балалар Менарда оқудың нәтижесінде көп сандардың күрделі амалдарын ойша, таңғаларлық жылдамдықпен орындай алатын болады. Мидың әлеуетін дамытқан жағдайда адам нендей дүниелерді атқарып тастауға қабілетті екеніне бұл жақсы мысал бола алады.

Менталдық арифметика оқытылуында ерекше кажеттіліктері бар балалар


Балалар денсаулығы – ұлтымыздың болашақтағы қамтамасыз етілуінің маңызды сұрағы болып табылады. Әр ата-ананың өз балаасының дені сау ретінде көргісі келетіні қалыпты жағдай. Бірақ күткен бақыты, күтпеген жағымсыз ауруға туындауы мүмкін. «Алға қадам басу» үшін, осы жағдаймен өмір сүруді үйреніп, балаға тек қана жағымды эмоциялар беру керек.

Ерекше қажеттіліктерге ие балалар – бұл толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі жоқ, жалпы дамуы бұзылған, психикалық және физикалық жоспардағы әр түрлі ауытқуларға ие балалар. Тек отбасы мен мұғалімнің жоғары сапалы, бірлескен жұмысы ғана баланың дамуына жоғары нәтиже бере алады. Қазіргі таңда Менар басшылығы «Нашар көретін балалар менталдық арифметиканы қалай игере алады»атты зерттеу жұмысы жүргізілген болатын. Нәтижелер керемет болды.

Әр бала ерекшелікке, қызығушылыққа, мүмкіншілікке және де оқу сұранысына ие. Баланың бір-біріне ұқсамауы және әртүрлілігі мәселемен емес, әлеуметтік ортадағы балалардың дағдыларды игеру мүмкіндігімен көрінеді. Қолайлы ортада игерілген оқу және оқу материалының бүкіл процесі жақсы есте сақталып, тиісті эмоционалдық жағдайға тұрақты түрде байланысады. Эмоционалдық фактор баланың ойы мен шығармашылығын ынталандырады. Сондықтан бүкіл оқу үдерісі балаға жаңа білім алуға, оның жұмысынан оң әсерлер мен эмоциялар алуға ыңғайлы етіп жасалған.

Жаднама

Күнделікті машықтанып отыру және жаттығулардың жеткілікті көлемін орындау оқуда және кәсіби даму үшін айрықша маңызды. Сондықтан:
  • Кітаптарыңыздағы және жұмыс дәптерлеріңіздегі есептерді күнделікті орындап отырыңыз. Күніне уақытыңыздың 20 минуттан аз емес көлемін осыған бөліңіз.
  • Өз нәтижелеріңізді тексеріп отырыңыз, амалдарды шешкеннен кейін дұрыс жауаптардың санын белгілеп күнделікті ұпайларыңызды бақылап отырыңыз. Жауабы қате болған есептерді қайта шешіңіз. Қате жауаптарды өшірмеңіз. Қате жауапты үстінен сызып, алынған нәтижені оның астына жазыңыз.
  • Ақыл-ой дағдыларын дамыту үшін біраз уақыт жұмсау қажет. Оның нәтижесі бірте-бірте өзін ақтай бастайды. Сабыр етіңіз де, күнделікті машықтануды ешқашан тастап қоймаңыз. Машықанудың жемісі сізді, ата-анаңызды және мұғалімдеріңізді қуантатын болады.

Қорытындылай келе қарапайым сөздермен:
  • Миымыздың қабілетін жоғарлатып және жақсы жағдайда сақтау үшін, біз ойлау қабілетіне арналған жаттығулар жасап және мидың белсенді түрде жұмыс жасауын колдауымыз қажет.
  • Менталдық арифметика сабағында оқушылар көп таңбалы сандарды пайдаланып шығарумен қатар, бір мезгілде жан-жағын бақылап, басқалармен келіссөз жүргізе алатын жағдайда болады.

Халықаралық менталдық арифметика «Менар» мектебінде білім алу, бұл Сіздің ақыл-ой қабілетіңіздің, дамудың ең жоғарғы дәрежесіне жеткізетін қуанышты саяхат болып табылады.

Сіздерді және достарыңызды күтеміз. Қызықты болуына сөз береміз!!!
Алматы қаласында оқушыларды менталды арифметикаға үйрету
» » Школа ментальной арифметика в Алматы