Алматы қаласында ағылшын тілі сабақтары

Алматы қаласында балаларға арналған ағылшын тілі

Балалар үшін ағылшын тіл – бұл оның жарқын болашағы.

Бәрімізге белгілі, халықарарлық тіл ретінде бірінші орында ағылшын тілі тұр.


Көптеген іскерлік келісімшарттар ағылшын тілінде жүргізіледі, дүние жүзіндегі көптеген мәліметтер ағылшын тілінде ғана берілген. Жеріміздің әр түрлі өңірінің тұрғындары бір-бірімен кездесе қалса, ағылшын тілінде сөйлесе бастайды. Ағылшын тілінен алынған білім балаға шектеусіз қарым-қатынас пен жаңа мағлұматты табу ізденісін береді. Елестетіп көріңізші басқа елдің адамдарымен еркін қарым-қатынас, әлем әдебиетінің оқылуы, ғылыми мағлұматтарға қол жеткізу.

Көптеген ата-аналар ағылшын тілінің балаға қандай орасан зор пайдасын тигізетіндігі жайлы ойлана бермейді, сонымен ағылшын тілінің неліктен қажет болатындығын талқылайық.

Біріншіден, ағылшын тілін оқу баланың жастайынан ой-өрісінің кеңеюіне, логикасы мен есте сақтау қабілетінің дамуына септігін тигізеді.
Екіншіден, тіл ол қаражат пен уақыттың үнемділігі. Балалардың шет тілін меңгеру өте оңайға соғады. Бала кезден ағылшын тілін меңгеруге уақыт жұмсасаңыз, алдағы уақытта қаншама жылды үнемдейсіз. Үшіншіден, бала кезден игерілген ағылшын тілін мектеп кезінде қолдана алады, жаңа тақырыптарды оңай әрі жылдам талқылау қабілетіне ие болады. Балалар үшін ағылшын тілі меңгеруінің ең тиімді тәсілі, ол ойын түріндегі әдіс болып табылады. Ойын барысында бала тілді зерігерлік нәрсе ретінде емес, ойын шарты ретінде қабылдайды. Әр түрлі сөздерді лезде есінде сақтайды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ барысын құрастырудағы негізгі мақсат, баланың міндеті сабақпен ғана шектелу емес, сонымен қатар басқа балалармен бірге ойнау, әңгімелесу, көңіл көтеру, ән айту сияқты қызығушылық танытуда және осының барлығы ағылшын тілінде. Оқытылу жүйесінің тиімділігі екі басты шарттан құралады: ол дұрыс мағлұмат берілуде және де қатысушылардың белсенділігі. Сабақ барысында оқытушы тіл негізін береді, ары қарай қарқынды тәжірибе арқылы жақсы дәрежеге жетуге болады. Өзіндік жұмыс үшін бұл жеткілікті болады. Басқаша сөзбен айтқанда, сабақ барысында әрмен қарай да өз бетінше оқи алатындай білім алу қажет.

Бұл оқытушының басты міндеті. Сонымен, оқытушыдан:
  • Тіл ерекшелігі туралы шынайы ақпарат
  • Тіл екерекшелігі негізінде, қатысушылар оған лайықты меңгеру әдісін алады.
  • Тілдік конструкциялар принциптерін түсіндірілуі.
  • Тіл талдаудағы грамматикалық негізін.
  • өз бетінше оқып-үйрену және де есте сақтаудағы тиімді әдісін меңгеру.
  • Мәтіндерді оқып және есту арқылы мағынасын түсінуге дағдылану.

Әрине күнделікті жаттығу мен сөздік қорының ұлғаюы жоғарыда көрсетілген шарттармен тығыз байланыста болады. Бұл сөздердің дұрыс айтылуында маңызды рөл атқарады. Күнделікті үй жұмысының орындалуы, қосымша тапсырмаларды тұрақты орындалуы және де сабаққа сапалы қатысу бұл Сізді жетістікке жеткізеді!

Әрине, ағылшынды игеруге көптеген әдіс, тәсілдер жеткілікті. Солардың біреуі жақсы, екіншісі нашар деп айтуға болмайды. Әр адам үшін жекеше, яғни кейбіреуіне біріншісі әдіс жараса, ал басқалар үшін екінші әдіс ұнауы мүмкін. Әр адам өз таңдауын жасайды. Тек тұрақты дайындық пен белгілі бір жоспар қажет.

Ағылшын тілін бірнеше жолдармен меңгерсе болады: топтық, жекеше. Бастапқы деңгейден бастайын дегендер үшін, мықты білім негізін қалайтын оқытушымен бастағаны дұрыс. Жіберген күш-қайратыңыз бен уақытыңыз алынатын нәтижемен тығыз байланысты. Сондықтан уақытыңызды үнемдеңіз, тұрақты сабаққа қатысыңыз, үй жұмысын орындаңыз сонда ғана оңайлықпен ағылшын тілін меңгере аласыз.
Оқушыларға арналған ағылшын тілі
» » Алматы қаласында балаларға арналған ағылшын тілі