Алматы қаласындағы дайындық сабақтары

Алматы қаласындағы балалар үшін мектепке дейінгі сабақтар

Бала дамуының маңызды ерекшеліктері:
  • Дене дайындығы
  • Ақыл-ойдың дамуы
  • Адагершіліктің дамуы
  • Эстетикалық даму

Мектеп бағдарламасын меңгеруге дайындық.


Заманауи білім стандарты, баланың бірінші сыныптан бастап, алынған мәліметті дербес қабылдап, білім жинақтайтынын білдіріп отыр.
Бұл үшін баланың еркін түрде жаңа балалармен, оқытушылармен, кітаптармен тіл табысу үшін сапалы дайындық қажет.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқытушылардың міндеті мектепке барардағы техникалық дайындығы ғана емес, сонымен қатар әрбір баланың жеке жеке ерекшеліктерін қадағалау.

Тұрақты жүйелі жұмыс жақсы нәтижемен қамтамасыз етеді. Жаңа білімге деген құштарлық, қызықтырылған мәліметерге ізденіс, қоғам маңыздылығын сезіну, «қалаймын» сөзінен «керек» сөзіне бағыну мүмкіндігі, бастаған істі соңына дейін аяқтау, өзінің нәтижесін салыстырып қатені таба алу мүмкіндігі, жетістікке деген талпыныс міне осының барлығын мектепке дейінгі дайындық пен отбасылық тәртіп арқылы қалыптастырады.

Баланың мектепке деген дайындығы оның ағза дамуына, оның ішінде жүйке жүесінің, жеке қалыптасуының деңгейіне, психикалық процесс дамуының деңгейіне, өз қатарластарымен араласуына негізделген.

Баланың мектепке дайындығын дамыту орталығында басты екі шарт қойылады:

Жан-жақты тәрбие (физикалық, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық) және арнайы мектеп бағдарламасын меңгерудегі дайындық.

Дене дайындығы:


Бала ағзасының физиологиялық жүйесінің дайындығы, беріктік деңгеінің, жүйке жүйесінің қалыптасуы, әр түрлі қызмет түрлерін басқара алу қабілеті өте мағызды болып есетеледі. Бала физикалық дайын болу керек. Ол ушін денсаулығы мықты болып, мектеп бағдарламасын  өтеуге  лайық болу керек. Ал балада кейбір психикалық ауытқулар сезіліп, көрінсе, денсаулығында өзгерістер, кемшіліктер байқалса,  ата-ана мұны мойындап баланы арнайы түзетуге арналған коррекциялық мектепке беруі керек. Физикалық дайындыққа баланың қозғалыс жүрісі мен саусақ қозғалысы жатады. Негізгі гимнастикалық ережелерді ұстану керек: үстел басында дұрыс отыруы, жаттығулар мен тапсырмаларды түсініп, шапшаң орындай алуы және т.б.

Мектепке деген физиологиялық дайындықтың бағасын дәрігерлер арнайы шарттарымен анықтайды.

Ақыл-ойдың дамуы:


Ақыл-ойдың дамуы – бұл қоғам әсері мен жасқа байланысты ойлау процесіндегі сапалық және сандық өзгерістер жиынтығы.
Мектепке дейінгі жаста балада жылдам қарқынмен білім жинақтау қабілеті, сөйлеу мәнері, танымдық процесі дамиды. Тек қана мектепке дейінгі балада қоршаған ортаға, оқуға, арифметикаға белсенді қызығушылық пайда болады.

Ақыл-ой дамуы қорщаған орта әсерінен пайда болады. Сол қоршаған адамдармен араласу арқылы дамыта түседі. Ақыл-ой дамуы: қарым-қатынас, ойын, пән, оқу, еңбек, өнімді қызмет арқылы қалыптасады. Сол үшін де дамыту орталықтарында осы қызметтерді кеңінен қолданады. Ойын арқылы оқытамыз.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндетін жағдай келгенше қоршаған орта туралы көптеп білім берсем деп көбісі оңайлатып түсінеді. Бірақ мәселе тек білімділікте емес. Маңыздысы балада танымдық қызметін дамыту, ойлау, салыстыру қабілетін, талдау сияқты жан-жақты қабілеттерді дамыту. Соңғы жылдардағы психологиялық және педагогикалық зерттеу нәтижелері мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері бұрынғыдан қарағанда жақсарғанын көрсетіп отыр.

Адагершіліктің дамуы


Мектепке дейінгі жаста адагершілік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл тұста баланың үлкендермен және өз қатарластарымен ара-қатынастары ұлғая түседі, қызмет түрлері күрделене түседі, қатарластарымен ортақ қызмет пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы оқушылар адамдардың қарым-қатынас әлемін түсініп, арақатынас түзілетін заңдар аша бастайды. Есеюге ұмтылу арқылы, бала өз әрекеттерін қоғамдық нормаларға сай бойсұнады. моральдық білім, пікір, түсінік саласында, яғни когнитивтік саласында, балалар қоғамдық моральдық сананың әр түрлі тараптарына ие болады, ең алдымен, моральдық талаптарын, критерийлерді моральдық бағалауды түсінеміз. Үлкен жастағы балада достық, адалдық, мейрімділік жайында түсінік қалыптаса бастайды.

5-7 жас аралығындағы балаларда бейберекет адамгершіліктен саналы түрге ауысады. Олар үшін адамдардың бір бірімен арақатынасы кезінде адамгершілік нормасы қызмет ете бастайды. Ересек адам жоқ кезде де, мінез құлық адамгершілікпен ұштастырады.
Мектепке дейінгі балаларды дамыту орталықтарында мектеп жасына дейінгі жастағы балалар адамгершілік дамуындағы келесідей ерекшеліктерді негіздеуге көмектеседі:
  • балада адамгершілік нормасының қоғамдық мағынасының бірінші түсінігі қалыптасады.
  • адамгершілік көрінісі ұлғаяды
  • саналы адамгершілік пайда бола бастайды, яғни баланың іс әрекетінен көріне бастайды.

Эстетикалық даму:

Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, нәтижесінде баланың айналадағы қоршаған ортаның әдемілігін байқайтын, өнерді сүйіп, бағалайтын қабілеті дамиды. Баланың жеке өміріне бірінші жылдан ақ әсер етеді, ол мақсатты және жүйелі түрде болады. Алайда эстетикалық даму туралы жеке қарым-қатынаспен байланыста болғанда, сулулықты қабылдай алу қабілеті болғанда ғана сөз етуге болады. Сезім – мектепке дейінгі жастағы балалардың эстетикалық тәрбиенің негізі болып табылады. Балада өнер әлемінің ғажайыбы мен сулулығын кездестіргенде қуанышты сезімде болу қабілетін дамыту маңызды. Оқытушыдан жетерлік шыдам мен күш талап етіледі.
Балаға өмірдің әдемілігін түсініп, сезінуді үйрету бұл үлкендерден үлкен жұмысты талап ететін, үлкен әрі күрделі міндет.
Мектеп бағдарламасын меңгеруге дайындық.

Бағдарлама міндеті: танымдық ортаның дамуы, бұзушылықты уақтылы түзету, оқушылардың жетістіктерін қалыптастыру.
Бағдарлама келесідей пәндерді қамтиды: математика, оқу, жазу, логика, қоршаған ортаны тану.
  • Математика: балалар сандармен танысады. Негізгі арифметикалық әрекеттермен: қосу және алу танысады. Геометриялық фигуралармен танысады.
  • Оқу: сабақ барысында әріптермен танысып, оқып, буындарға бөледі. Мәтінді оқып болған соң балалар елестету қабілетін дамытып, әр түрлі сұрақтарға жауап бере бастайды.
  • Жазу: жазу сабағында балалар әріптер мен сандарды дұрыс жазуды үйренеді. Балалар баспа хатының дағдысын дамытады. Диктант балаларға әріптер мне сандардың дұрыс жазылуын есте сақтау үшін көмектеседі.
  • Логика: балалар назарды, заттарды белгілер бойынша жіктеуді үйренеді, қызықты шешімдер тауып, талқылап, қорытынды жасауға үйренеді.
  • Қоршаған ортаны тану: дамыту ойындары арқылы балалар әлемнің қалай орналасқандығы туралы және адамдардың орны жайлы жалпы көрініс алады. Балалар адам, табиғат және орта жайлы білім алады.

Сабақ барысында балалар әлеуметтік мінез-құлық ережесімен танысады.


Оқушыларға мектеп пәндеріне дайындық
» » Алматы қаласындағы балалар үшін мектепке дейінгі сабақтар