"Menar" Алматы Халықаралық Менталды Арифметика мектебі
Онлайн платформа
Онлайн жаттығу
Балаңызды тегін сабаққа жазу

«Менар» дегеніміз не?

Біз жайлы

Біз жайында
Салеметсіздер ме!

Менің есімім Сапарова Лола. Мен халықаралық «Менар» менталды арифметикалық мектебінің директорымын.


Балаларымның ақыл-ой қабілетін дамуына әсерін тигізетін, көптеген дамыту орталықтарында ізденісте болып, көп ойландым. Көпке созылмай, әрі қызықты болатындай. Осылайша әсерлі, сауатты, мақсатшыл Динара Шайжанованы кездестірдім. Ол менталды арифметиканың балалар үшін көптеген мүмкіндіктерді ашатындығын дәлелдеді. Дұрыс бұрысын таразылап халықаралық «Менар» менталды арифметикалық мектебін Алматы қаласында ашуды ұйғардық.

Біздің мектеп екінші жыл жұмыс жасау үстінде, көпте емес, бірақ сырт көзге ғана. Бізде менталды арифметикалық курсын жылдам түрде бітіріп шығып, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болған түлектеріміз бар, олар өздерінің Менар мектебінен алған дағдыларын алдағы өмірде қолданатындарына және де жеткен жетістіктеріне дән риза. 

Біздің әдіс ойша есеп арқылы баланың ақыл-ой дамуына бағытталған. Менталды арифметика оқыту барысында өткен мәліметтерді бекіту, нақтылау мақсатында ойын қолданылады. Есте сақтау қабілетін, зер салу, елестету және де көруді жақсарту дамыту үшін жаттығулар қолданылады. Әсіресе есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлаудың дамуына көп көңіл бөлеміз. 

Менар алуан түрлі оқыту материалдарын, яғни онлайн платформа және ойындар, видео курстар, сонымен қатар тіл дамуына арналған мультфильмдер ұсынады. Біздің сыныптар керекті техникалық аппаратуралармен жабдықталған. Сыныптарда ыңғайлы сопақ үстелдер бар. Сол арқылы балалар арасында бәсекеге қабілеттілік артып қатысушылардың белсенділігі артып, әр оқушы өз ойын нақты әрі дәл жеткізетіндей жағдайға жетеді. 

Біздің оқушылар көптаңбалы сандармен оңай жұмыс жасап, жаңа мәліметтреді тез қабылдап, өңдей алатын, сонымен қатар қызықты шешімдер қабылдай алатын қабілетке жетеді. Менталды арифметикалық сабағы барысында баланың шыдамдылық, елестету қабілеті, талдау және ең бастысы өз ісіне және ойына ұқыптылық пайда болады. Балаларға мидың белсенді жағдайда жұмыс жасауына, ақыл-ой қабілетінің дамуына арналған көптеген жаттығулар жасап көмектесеміз. Менталды арифметика – бұл математика емес, ол ойда лезде есептеуге және мидың дамуына арналған әдістеме. 

Менар оқытылуы шағын топтарда өтеді, бала саны 6 дан аспайтын, әрбір балаға сәйкес көңіл бөлуге жағдай жасалған. 
Турциядағы басты кеңседен сертификатталған біздің тәжірибелі, білікті, маман-оқытушыларымыз, қуана-қуана сіздің баларыңыздың мүмкіндіктерінің шекарасын кеңейтуге көмектеседі. 

Біздің мақсатымыз – сабағымызды қызықты, балаларымызды дамыған және ақылды, ата-аналарды сол жетістіктерден бақытты ету!
Баларыңызға сақ болып, мұқият болыңыздар!

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет!

Ал біздің жайлы, жарық, кең және қонақжай мектебіміз Сіздерді және Сіздердің балаларыңызды жаңа жетістіктермен, оң эмоциялармен күтеді!!!

Қалай жұмыс жасаймыз ?

Креативтілік

Ақыл-ой дамуына және жаттығуына арналған көптеген мүмкіндіктері бар онлайн платформа

Демалуға арналған көптеген ойыншықтар мен дамытқыш мультфильмдермен жабдықталған арнайы ойын бөлмесі

Жылдамдық, дәлдік, логиканың жақсаруына арналған 300 ден астам онлайн ойындар

Соңғы техника бойынша кабинеттер жабдықталған

Ойындар арқылы ақыл-ой жетістіктерін дамыту. Үй жұмысының орындалуын қадағалау

Тез санауға арналған тек қана 3 формула қолданылады

Топта оқушы саны 6 дан аспайды

Халықаралық олимпиадаға қатысу

Онлайн режимінде дүние жүзі бойынша Менар оқушыларының көрсеткіші

Сабақ аптасына 2 сағаттың орнына 3 сағат жүргізіледі, баланың мәліметтерді жақсырақ түсінуі үшін

Менталды арифметика төрт тілде жүргізіледі:
қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде

Менталды Арифметика курсын жылдам түрде, толықтай бітіру мүмкіндігі бар

Сұрақтар қалды ма?

Сұрақ қою ?