Алматы қаласындағы ригами өнерін үйрету сабақтары

Алматы қаласында балаларға арналған оригами сабақтары

Оригами өнері – жәй ғана қағаздан әр түрлі пішінге айналуымен, әр баланы таңғалдыратын, толғандыратын жұмбақ. Бұл фокус емес, бұл – ғажап! Бір ғана қағазда: қайық, ұшақ, үйшік, айдаһар, құстар, жануарлар тағы да басқа көптеген бейнелер жасырылған. Баланың қолындағы жанданады, мысалы, тырна қанаттарымен самғайды, ушақ жоғары қарай беттесе бақа болса секіреді. Қанша мәз-мейрам және бақыт!

Оригами дегеніміз не және бала дамуындағы маңыздылығы

Оригами – өзін-өзін таныту әдістерінің бірі болғандықтан, оқушылар, студеттер мен өнерлі адамдар арасында кеңінен таралған. Тек қағазбен ғана шектеліп қалмай, ары қарай өрлеп, өнердің жаңа бағыттарын ашатындар да табылып жатады. Модульді оригами- шаршы қағаздан жасалған бірнеше кіші бөліктердің бір-біріне кигізіліп, бірнеше адам бірігүінен, үлкен көлемді зат жасау техникасы. Әр қатысушы бір немесе бірнеше бөлікті жасау қажет. Бұл кезекте жасалған үшбұрыш бөлігі басқа қатысушының жасалғанымен тұспа-тұс келу қажет. Оригами адамның эмоционалдық саласына әсерін тигізе алады. Бұл әсіресе қарым-қатынаста мәселелері туындайтын, тұйық немесе керісінше тым агрессивті адамдарға маңызды. Оригами – интеллект пен логиканы, кеңістік ойлау мен қиялды, тапқырлықты дамытатын мінсіз дидактикалық ойын.

Фигураларды үш түрлі жолмен жасауға болады:
  • Бір қағаздан қимай төртбұрыш жинау. Бұл жиі қолданылатын дәстүрлі әдіс.
  • Тікбұрыш пен үшбұрыш формасынан фигура бүктеу.
  • Үш немесе төрт түрлі бірдей бөліктерден- модульдерден фигура бүктеу.

Оригами балаларды геометриялық негізгі түсініктермен түсіндіреді: бұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, сонымен қатар сөздік қорын арнайы терминдермен толықтырады. Оригами ойлау процестермен жандандырады. Шоғырланып, тынымсыз еңбек етуді әдетке айналдырады. Осының арқасында зер салу қабілеті дамиды.

Оригами сабағындағы үйрету әдісін зерттей және қолдана келе, мақсат пен міндет бере аламыз.

Жұмыс мақсаты:

Қатысушылардың жан-жақты творчествалық қалыптастыруы мен өзін-өзі дамуы.

Міндеттері:
  • Дидактикалық – балаларды оригами тарихымен таныстыру, қағазбен жұмыс жасау әдісімен үйрету, сонымен қатар қосымша қайшы, қалам, сызғыш және де клей құрал-жабдықтармен қолдануды көрсету.
  • Оригами өнеріне қызығушылық пен махаббатқа, сабақ барысында шыдамдылыққа, жұмыс жасаудағы ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Балалардағы кеңістік қиял мен криативті ойлау, байқағыштық қабілетіндегі шығармашылық дамуы.

Шығармашылықта шектеу жоқ. Және де күмәнсіз оригами баланың жан-жақты дамуына әсерін тигізеді.


Оригами тарихы


Қағаздың алғаш шыққан жері- Қытай мемлекеті болса да, қағаз бүктеу өнерінің отаны болған ол Жапония. . «Ори» – «қағаз» және «ками» – «құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін оригами тарала бастады. Сол жинақтау заңдылықтары тек ХХ ғасырда ғана ене бастады. Оның енуіне септігін тигізген жапондық шебер Акира Йошиза. Ол 1911 жылы туылып, оригами тарихына бірегей рөль ойнады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әскери заводта қызмет жасап жүрген кезінде, оригамимен кәсіби түрде айналысуға бел байлады. Акира Иошизава ж.здеген жаңа, бұрын соңды белгілі болмаған фигуралар ойлап тапты.

Көбелек, гүл формасында оралған жазбалар достықтың, жақын адам үшін жақсы тілектің белгісі болатын, олар арқылы көңіл бөліп, сөздің орнына жақсы лебіздерін де білдіртіп отырған. Бүктеп орау, сол заманда жақсы қылықтың, жоғары білімнің белгісіне айналды. Әр түрлі маңызды отбасылар оригами фигураларын елтаңба мен печать ретінде қолданып отырған.
Оригами сабағы жанға жайлылық беріп, кішкене уақытқа болса да, барлық кунделікті мәселелерден арылып, қағаздың төртбұрыш бөлігімен ғажап өнер әлеміне ұшырып алып кететіндей жағдайға бөлейді!

Қорытындылай келе, қысқаша, оригами сабағы балаларға не береді:

Оригами балалардың математикалық қабілеттерін дамытады, яғни кеңістік ойлау, талқылау сияқты қасиеттер пайда болады. Бұл қолдың ұсақ моторикасына деген ең керемет жаттығу. Логика, есте сақтау, ойлау қабілеттеріне оң әсерін тигізеді. Қанша тиянақтылықты қажет етсе де, қызықты болып өтетін бұл сабақ баланың шыдамдылық, зер салу, ұқыптылық, бастаған істі соңынан жеткізетін қабілеттерін дамытады.



Оқушылар мен балалар үшін оригами
» » Алматы қаласында балаларға арналған оригами сабақтары