Алматы қаласындағы дамыту сабақтары

Алматы қаласында балаларға арналған ерте даму

Марии Монтессори әдісі
Глен Доман әдісі
Сесиль Лупан әдісі
Никитиналар әдісі
Николай Зайцев әдісі

Ерте дамыту - бұл туылған кезден бастап 6 жасқа дейінгі балалардың оқытылуы мен тәрбиесі


Ерте дамыту – физикалық және интеллектуалдық қозғалыстарды игере бастауға, бала дамуына арналған, арнайы әдістеме. Бірде бір автор, бірде бір әдіс, серуендеу мен ойын арқылы оқытуды парта үстінде оқытумен ауыстырмайды. Бастысы естеріңізде болсын, ерте дамытудың басты ережесі ешқандай куштеусіз! Ерте дамудың әдістемелері әртүрлі болып келеді. Әдістер негізіне авторлар әртүрлі болып келеді. Қазіргі таңда олардың саны өте көп. Қазір солардың кейбіреуін қарастырайық:

Мария Мантессори

Мария Мантессори - Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.

1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлыққұрметті дәрежесі берілді.

 Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

Глен Доман әдісі

Американдық әскери нейрохирург-дәрігер Глен Доман 1940 жылдардың аяғынан бастап ары қарай Филаделфиядағы адам дамуы Институтын басқарған. Сол Институттың жүздеген жүздеген жұмыскерлері мыңдаған сау және дамуында ақауы бар балалармен жұмыс жасай отырып адам миының жеті немесе жеті жарым жасқа дейін ғана өсетіндігін дәлелдеді. Дәл сол сәтте оны барлық нәрсеге үйретуге болады: оқу, жазу, математика, шет тілдеріне, өнер, музыка тағы сол сияқты. Бала ерте жастан оқуды біліп қана қоймайды, ол оқуды өте қалайды. Өкпеге демалу сияқты, миға да ойлану бұл табиғи. Және ата-ананың міндеті миға ойлануға болатындай қызықты азық әзірлеу. Әдістің кемшілігі – оның еңбек қарқындылығында. Глен Доман, бала дамуының алып көлемде мәліметтермен ынталандырылған, сондықтан да балаға заттармен іс әрекет емес, олардың бейнесіне қарап, оларды есте сақтауды сұрауды. Оның әдісі баланың есте сақтауына бағытталған.

Сесиль Лупан әдісі.

Доман шәкірті және екі баланың анасы, Сесиль Лупан негізгі тәсілі, мәлімет, мәлімет және де мәлімет. Тек қана мәліметті қабылдау арқылы, бала миы жұмыс жасайды: талдауды, ойлануды яғни дамиды. Білуге құштарлық барлық балада бар, бірақ оған барлығын берудің қажеті жоқ. Балаға тек қана қызықты және пайдалы мәлімет керек. Тіл және ой даму негізі үшін, баланың өте ерте жастан берген дұрыс деп есептейді әдіс бойынша. Бірақ Доманға қарағанда, көрнекі ынталандыруда тоқтап қалмайды, оған есту және сезу әдістерін де қосады. Баланың жетілуін тездету үшін, есту, елестету немесе иіс арқылы да мәлімет түсетін жолдарын қарастырған жөн. Себебі әр бала әр түрлі, кімге қай бағыттан мәлімет жақсы ұғынатыны белгісіз. Көру және есту, ұстау және иіскеу, бөлу сияқты мүмкіндіктер жасау арқылы ата-ана балаға қоршаған ортаны тануға жағдай жасайды.

Никитиналар әдісі

Борис Павлович және Лена Алексеевна Никитиналар Кеңес Үкіметінің ең әйгілі ата-аналар. Олар жеті баланы өсіріп, сол тәжірибелерімен кітап арқылы бөлісті. Олар бірге зерттеп, өз балаларына түрлі тәжірибелерді қолдану арқылы, ақылды және сау балалар тәрбиесінің жаңа жүйесін ойлап тапты. Олардың жеті баланы тәрбиелеп өсіргенін ескере отыра, әдістерінің жан-жақты тексеруден өткендігін біле аламыз. Өз қателерімен жұмыс жасауды да меңгере алды. Мысалы, тұңғыш балаларының өз бетінше дербес болуын қалағандықтан, оған қиын жағдайда түбегейлі көмектесуден бас тартқан, мысалы, ол құлып қалғанда, жылап көмекке шақырғанда, өзі тынышталып, жолдан шығар деп, жанына баруға асықпаған. Бірақ кіші інісі туылғанда тұңғы балалары оған көмекке асықпаған, соны көріп қателерін түзетуге асыққан.
Өз әдістемелерін олар Қабілеттер Дамуының Тиімді Мүмкіндіктерінің Қайтымсыздығы деп атады. Никитина мен Монтессори әдістері балаға барынша мүмкіндік беру арқылы жүрді.

Николай Зайцев әдісі

Николай Зайцев, ауыл оқытушылар отбасында туылып өсті, және мамандық таңдауда күмәнданған жоқ. Университеттен кейін аудармашы ретінде Индонезияға жіберілді. Ол жақта Николай Александрович орыс тілін шет тілі ретінде берді. Бұл жағдай оның оқу мен жазуға үйретуге бірегей әдіс ойлап табуға себеп болды. Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі – орыс тіліне аз уақыт ішінде үйрету керек болды. Оқушылар болып жасы келген ересек адамдар болды. Қиын болғанына қарамастан жақсы орындап шықты. Ол басқаларға бұл тілдің мағынасын түсіндіру үшін жүрген жерінде жаңа кестелер, қызықты әдістер ойлап тапты. Оқыту ойын жүзінде болғандықтан, жетістікке жеткізді. Бірнеше сабақтан кейін оқи бастады. Зайцев сол жетістікпен ғана тоқтап қалмай ағылшын тіліне, математикаға, географияға оқыту жүйесін ойлап тапты.

Қорытындай келе, адам ойлауының дамуының бірнеше ғылыми теориялар бар. Барлығының ортақ байланыстырушысы ол, ең жаманы - ата-ананың өз баласына ештеңе жасамауы. Тек белгілі бір әдіс арқылы жүре отыра баланы бақытты қылуға және дамытуға болады. Ерте дамудың үлкен пайдасы қозғалыс белсенділігі мен оқытудың ойын арқылы жүзеге асуы. Баланы ешкім күштеп отырғызып, оқытпайды, бала өзі де даму үстінде екенін аңғармайды. Ол тек ойынмен қоса ұсақ маториканы, тіл дамуын, пішін мен түстерді, үлкен-кіші және жалғыз-көп сияқты ұғымдармен танысады. Осының салдарынан дамыту орталықтарына барған балалар, мектеп кезінде шыдамды әрі әрбір сөзге іске мұқият болып келеді.

Өз балаңыздың дамуына әдістеме таңдар кезде, есініңізде болсын әр бала бірегей.
Мектепке дейінгі балаларға арналған ерте даму
» » Алматы қаласында балаларға арналған ерте даму